27.3 C
Шымкент
10-Сентябрь, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

«Жұмысшы жастар аманаты»: Адал еңбек азаматтың абыройын асырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Тараздағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының өндіріс алаңында «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық жастар форумын ұйымдастырды.

Аталған форум – партия мен Үкімет бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Жұмысшы жастар аманаты» жобасының нақты қадамы саналады. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров жастарды ел игілігі жолында адал еңбек етуге шақырып, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орны мен беделін атап өтті.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова еңбекке бейімделген жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, соңғы жылдары «Жастарға жұмыс» жобасы аясында елімізде 150 мыңға жуық жас қамтылып, 55 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, шалғай ауылдарға мобильді топтар барып, мыңдаған жасқа әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес берді.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің айтуынша, өңірде алдағы уақытта 62 инвестициялық жоба қолға алынып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл бастама университет пен колледж түлектерін жұмыспен қамтуға жол ашады.

Форум барысында еңбек жолын зауытта бастап, қазіргі таңда жетекшілік қызмет атқарып жүрген жас мамандардың да тәжірибесі айтылды. «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС-нің өкілі Бексұлтан Болғанбек пен «Казфосфат» ЖШС инженері Қайсар Алдахметов еңбек адамдарының ел дамуына қосып отырған үлесін мысалға келтіріп, жұмысшы жастардың қоғамдағы рөлін айқындап берді.

Бүгінде Жамбыл облысында 355 мыңнан астам жас тұрады. Олардың елеулі бөлігі өндіріс, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында еңбек етіп, өңір экономикасының өркендеуіне үлес қосып отыр.

Форум еңбек құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, жұмысшы жастардың өзекті мәселелерін талқылауға және жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға маңызды алаңға айналды.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО-да су тасқынына дайындық: Тұрғындарды эвакуациялау орындары әзірленуде

redaktor_qazyr

Ақтөбе облысында оқушыларды тегін тамақпен және тасымалдаумен қамту жұмыстары күшейтілді

admin_qazyr

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстандағы әлеуметік саясаттың жүйелі шаралары мен нәтижелері

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz