Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Ақтөбе облысында оқушыларды тегін тамақпен және тасымалдаумен қамту жұмыстары күшейтілді

Жаңа 2025-2026 оқу жылында Ақтөбе облысының 405 мемлекеттік білім ошағында оқушыларға тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.

Ақтөбе облысында тегін ыстық тамақпен 70 176 бастауыш сынып оқушысы және әлеуметтік санаттағы 5–11 сыныптарда оқитын 8 560 бала қамтылмақ. Барлығы шамамен 79 мың оқушы.

Тамақтануды ұйымдастыруға бюджеттен 8,37 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 6,66 млрд теңге – бастауыш сынып оқушыларына, 1,7 млрд теңге – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына бағытталған. Белгіленген стандартқа сәйкес, мектептерде маусымдық екі апталық мәзір енгізілген. Бір баланың күнделікті рационы – 665 теңге көлемінде.

Сондай-ақ, 16 624 оқушы қаржылай-материалдық көмек алады. Бұл мақсатқа 768 млн теңге бөлініп, ата-аналардың есепшоттарына қаржы толығымен аударылды. Орта есеппен әр балаға 46 228 теңгеден тиесілі.

Балаларды тасымалдау да назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда 145 автобус қызмет көрсетеді, оның 53-і білім беру ұйымдарының балансында болса, 92-сі жалға алынған. Нәтижесінде мектептен үш шақырымнан алыс тұратын 12 514 оқушы және мектеп жоқ елді мекендерде тұратын 199 бала тегін тасымалдаумен қамтылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Өскеменде Дүниежүзілік тазалық күні өтті

admin_qazyr

Перизат Қайрат 10 жылға сотталды: Алаяқтық ісінің мән-жайы

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне алғыс айтып, хат жолдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz