Жүзім қатерлі ісіктің алдын алады.
Елімізде де көптеп өсетін жүзім мен жүзімнен жасалатын мейіз жастар үшін де, егде жастағылар үшін де таусылмас дәрумен және қуат қоры болып табылады. Жүзімнің құрамындағы аминоқышқылдар, В тобының дәрумендері иммунитет жүйесін қуаттандырады. Феррум, магний, кальций және калий минералдары сүйектің жүйелі түрде дамуына ықпал етумен қатар адамға күш-қуат береді.
Жүзімнің тәтті болуымен бірге қан аздықтың, әлсіздіктің және іш өтудің алдын алатын қасиеттері де бар. Әсіресе қызыл және қара түсті жүзімдердің қабық бөлігіндегі фитоалексин тобына жататын расвератрол антиоксиданты жасушалардағы өзгеріс нәтижесінде ісік қалыптасуына ықпал ететін дербес радикалдарға бөгет жасап, қатерлі ісіктің қалыптасуына жол бермейді. Дәл осы зат капилярларда май бірігуінің алдын алатындықтан жүрек қан тамырлары ауруларына қарсы да өте пайдалы. Сондай-ақ тіндердің қалыптасуы, тері мен шаш саулығы тұрғысынан және бүйрек пен бауыр саулығына да пайдасы орасан зор.
Талшық тұрғысынан қанық келетіндіктен ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Қан аздыққа қарсы мейіз, яғни кептірілген қара жүзім темірдің ең табиғи қайнары болып саналады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 мыңдаған адамда тоқ ішек қатерлі ісігі анықталуда. АҚШ-та жасалған соңғы зерттеулер мейізде тоқ ішектердің саулығына пайдалы инулин атты полифруктозан бар екендігі анықталған. 40-50 гр мейізде 1,5 гр инулин болады екен. Күндік мәзірге мейіз қосу арқылы әрі тоқ ішекке пайдалы азық, әрі жеміс пен талшықты азық қажеттілігін қамтамасыз еткен боламыз.