Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

2024-2025 жылғы оқушылардың оқу және демалыс уақыты бекітілді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Орта білім беру ұйымдарында 2024 – 2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Екінші тоқсанда оқу уақыты 8 аптаны құрайды. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күнді құрайтын қосымша демалыстар беріледі.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал,11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Балқаш ауданында 150 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр

redaktor_qazyr

Ресей Қырғызстанға жел электр станциясын салып бермек

Redaktor Site

«Құран сүрелерін дұрыс оқымағаны үшін»: Шымкентте дін қызметкері балаларды ұрып-соққан.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты