Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Шолпан-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кеңейтілген отырысына қатысты. Жиын Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Кездесуге Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Армения, Иран, Өзбекстан және Куба елдерінің үкімет басшылары мен вице-премьерлері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Отырыста сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мұнай-газ, цифрлық, кедендік және биржа қызметі, медицина мен фармацевтика, еңбек нарығы сияқты бағыттардағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов өз сөзінде ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауданы дамыту, сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту және мемлекеттік сатып алуларға жеткізушілердің тең қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ көлік саласында өңірлік мүдделерді ескере отырып, баламалы бағыттарды дамыту қажеттігін жеткізді. Мысал ретінде өткізу қабілеті жылына 10 млн тоннаға дейін жететін «Тургунди–Герат» теміржол жобасы аталды.

Кездесу барысында газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру, биржалық сауданы дамыту, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығын құру мәселелері талқыланды. Бұл құжаттарды жүзеге асыру сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Сонымен қатар, тараптар климаттық күн тәртібін ілгерілету, көлік дәліздерін цифрландыру және еңбек нарығындағы біліктілік талаптарын жақындату жайында пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанада мылқау жүргізушіні балағаттаған жолаушы қамауға алынды

redaktor_qazyr

АҚШ-тағы президент сайлауында Трампқа дауыс берушілер саны артып,алда келе жатыр

redaktor_qazyr

Comic Con Astana фестивалінде 100-ден астам қазақстандық автор өз жұмыстарын көрсетеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz