Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

2025 жылы Қазақстанда студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы елеулі түрде өседі

2025 жылы Қазақстанда студенттердің, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы елеулі түрде өседі.Бұл туралы Жоғары білім және ғылым министрлігі мәлімдеді,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Жаңартылған стипендия мөлшері:

Бакалавриат студенттері: 52 372 теңге (педагогикалық және медициналық бағыттарда – 84 000 теңге).

Магистранттар: 117 098 теңге.

Докторанттар: 262 500 теңге.

Интернатура студенттері: 94 862 теңге.

Резидентура студенттері: 134 664 теңге.

Бұл өзгерістер 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған студенттер жоғары стипендия алу мүмкіндігін сақтайды.

Сонымен қатар, ерекше жетістіктерге жеткен студенттерге арналған президенттік стипендия бар. Оның мөлшері – 104 744 теңге. Бұл стипендияны 3-оқу жылынан бастап студенттер, ал 2-оқу жылынан бастап магистранттар ала алады. Президенттік стипендия бюджеттік және ақылы негізде білім алатындарға бірдей қолжетімді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына күдікті екі тұрғынды ұстады

redaktor_qazyr

Шымкентте 6 қазан күні қоғамдық көліктер, жолаушыларды тегін тасымалдайды

redaktor_qazyr

Сенат тұрғын үй салу үлескерлерінің қауіпсіздігін күшейтетін заңды мақұлдады: жаңа талаптар мен айыппұлдар

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz