Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына күдікті екі тұрғынды ұстады

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына күдікті екі тұрғынды ұстады.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығына күдікті адамдар тобының қызметін тоқтатты.
Анықталғандай, Мақтаарал ауданының екі тұрғыны көршілес Жетісай ауданында орналасқан жайылымнан жылқы ұрлаған.

Содан кейін күдіктілер ұрланған малды сатуды және ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған.
Жедел уәкілдер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде, ұрланған жылқыны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Бүгінгі таңда күдіктілердің жалпы сомасы миллион теңгеден асатын мал ұрлығының 2 фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Мәскеудегі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды

redaktor_qazyr

Британия, Франция және Германия: Палестиналықтарды мәжбүрлеп көшіруге қарсымыз

redaktor_qazyr

Жол қауіпсіздігі: полиция қазақстандықтарды ережелерді сақтауға шақырады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz