Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

30 қаңтар күні Қазақстан өңірлерінде қар,көктайғақ және тұман күтілуде

Бүгін, 30 қаңтарда, Қазақстанның көп бөлігінде қар жауып, ауа райы құбылмалы болады. Циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағында жауын-шашын күшейіп, тұман, көктайғақ және күшті жел күтілуде.

Ауа райы болжамы:

Астана: Күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -7…-9°C шамасында, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Алматы: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз температура 0…+2°C, жел 2-7 м/с.

Шымкент: Қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 0…-2°C, жел 5-10 м/с.

Еліміздің шығысында қалың қар жауып, оңтүстік-шығыста жаңбыр аралас қар түсуі мүмкін. Ал батыс және оңтүстік-батыс өңірлерінде ауа райы ашық болады.

Синоптиктердің ескертуінше, көктайғақ пен бұрқасын жол қозғалысына қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер сақтық шараларын қаперде ұстағаны жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қырғыздың «Керемет банкі» Ресеймен байланысы үшін АҚШ санкциясына ілікті

admin_qazyr

Сауранда көлікті масайған күйде тізгіндеген ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

redaktor_qazyr

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz