Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Балабақшалардың жұмыс уақыты ұзара ма? Депутат Дәулет Мұқаевтың ұсынысы

Қазақстанда жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшалардың жұмыс уақыты өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев осы жағдайға назар аударып, балабақшалардың қызмет көрсету уақытын ұзартуды ұсынды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Қазіргі таңда мемлекеттік балабақшалар көп жағдайда сағат 18:00-де жабылады. Алайда көптеген ата-ананың жұмыс күні дәл осы уақытта аяқталатындықтан, балаларын алып кетуге үлгермей жатады. Мұндай жағдайда бүлдіршіндер тәрбиешілердің емес, қарауылдың қарауында қалуға мәжбүр болады.

«Егер ата-аналар жұмыстан кеш шығатын болса, ал балабақша 18:00-де жабылса, онда балалар қайда болуы керек? Көп жағдайда олар қарауылдың жанында қалады», – дейді депутат.

Дәулет Мұқаев балабақшалардың жұмыс уақытын ұзарту арқылы бұл мәселені шешуге болатынын алға тартады. Оның пікірінше, балабақшалар ата-аналардың жұмыс кестесіне бейімделуі тиіс.

Бұл ұсыныс жүзеге асса, жұмыс істейтін ата-аналарға қолайлы жағдай жасалып, балалардың қараусыз қалу мәселесі шешімін табар еді.

Ұқсас жаңалықтар

«Менің атым- Қожа» фильмін,театрда Жанардың рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

redaktor_qazyr

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жол жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтауды тапсырды

admin_qazyr

Көбірек кітап оқуға 10 себеп

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz