Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚоғам

Қазақстанда ұн өндіретін кәсіпорындар неге күрт азайды

Қазақстанда ұн өндіретін кәсіпорындар неге күрт азайды

Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев елімізде ұн өңдейтін кәсіпорындар неге азайып кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатордың сөзінше, 15 жыл бұрын Қазақстанда 270 кәсіпорынұн өндіріп әлемдік көшбасшы болса, қазір олардың үштен бірінен азы ғана жұмысын жалғастырып жатыр.

« Мұның себебі – нарықтағы үлкен бәсекелестік. Бұл жағдайда біз екі шешімнің бірін қабылдауымыз керек: халықаралық нарықтағы позициямызды қалпына келтіру немесе астықты тереңірек өңдеуге көшу», — деді ол.

Кузиевтің айтуынша, астықты өңдеудің бірінші кезеңінде жарма, ұн және өзге өнім алынады, оны көптеген өңдеуші жасайды.

«Біздің өндірушілерді астықты тереңірек өңдеуге ынталандыру қажет, онда аминқышқылдары, лизин, витаминдер, тағамдық қоспалар және биополимерлер түріндегі түрлі өнімдердің кең тізбесін, осы жоғары қосымша құны бар өнімдерді алуға болады. Мысалы, құны 102 мың теңге болатын бір тонна астықтан ұнға қайта өңдеу кезінде біз 146 мың теңге аламыз, ал оның құрамдас бөліктеріне терең қайта өңдеу кезінде МФҚ, лизин, крахмал және орта есеппен 585 мың теңге аламыз, мұнда қосымша құн 400% — ға артады. Өкінішке қарай, астықты терең өңдеу мәселелері назардан тыс қалады», — деді ол.

Сондай-ақ, депутат Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған қант саласын дамыту бағдарламасынан нәтиже шықпағанын айтты.

«Олардың жоспарлары бойынша 2021 жылы отандық шикізаттан қант өндірісі 121 мың тоннаға дейін ұлғаюы тиіс еді, ал іс жүзінде тек 39 мың тонна өндірілді», — деді Кузиев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда тұтынылатын қанттың 50%-дан астамы – импорт екені хабарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Ринат Зайытов:Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды

redaktor_qazyr

Полиция 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

redaktor_qazyr

Созақ ауданында жоғалған 4 жасар бүлдіршін сауда орталығынан табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz