Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Астанада белгісіз ер адам Kaspi банкінің бөлімшесінде адамдарды кепілге алды

Астанада белгісіз ер адам Kaspi банкінің бөлімшесінде адамдарды кепілге алды,деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Stan.kz -ке сілетеме жасап.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес ол тұтқында 7 қыз бен 1 күзетшіні ұстап отыр. Полиция ер адаммен келіссөз жүргізуге тырысқан. Ал банк орналасқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланды. Сондай-ақ оқиға орнына арнайы жасақ шақырылды.

Куәгерлердің айтуынша, аймақты күзету үшін оқиға орнына әскерге шақырылған сарбаздар келген.

Ал Kaspi банкінің баспасөз қызметі қарулы азамат басып алған бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана кепілге алынғанын мәлімдеді.

«Банк бөлімшесінде банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ. Қызметкерлерге қоқан-лоқы жасап тұрған ер адаммен полиция келіссөз жүргізіп жатыр. Күштік құрылымдар және банк ешкімнің зардап шекпеуіне күш салады”, – деп мәлімдеді банк өкілдері.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ауғанстанда барлық сұлулық салондары жабылады

redaktor_qazyr

Ильхам Әлиев пен Владимир Зеленский Давоста кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Жетісу облысында Наурызды мерекелеу аясында 240-қа жуық іс-шара өткізіледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz