Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазір

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты,деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

21 маусым сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды және 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Астанадан Делиге тікелей рейс ашылады

redaktor_qazyr

Қазақстанда жаңа мереке: Тазы мен төбет күні бекітілмек

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz