Qazyr.kz порталы
Руханият

Дінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызының махаббат хикаясы

Дінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызының махаббат хикаясы

Дінмұхамед Ахметұлы сүйікті жары Зухра Шәріпқызымен өткізген өмірінің әрбір күнін бағалаған. «Мен жарыммен 50 жыл 6 ай 2 күн бірге өмір сүрдім», — деді ол кейін. 1939 жылы қыркүйектің соңында Дінмұхамед Қонаев Балқаштан Алматыға сапар шегіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өткізеді. Сол күні Зухра Шәріпқызымен танысады. Дінмұхамед Ахметұлы қызға қызметі Риддерге ауысатынын айтып, «Зухра, менімен Риддерге баруға қалай қарайсың?», — деп сұрады. Бұл — Дінмұхамед Қонаевтің Зухраға тұрмыс құруға жасаған ұсынысы болатын. Қыз келісімін берген кез Қонавтың өміріндегі ең бақытты сәттердің бірі еді. «Сүйіктіммен кездескенім үшін тағдырыма ризамын. Біздің көңілді тойымыз 18 қазан күні әпкем Әмина Ахметқызының пәтерінде өтті. Қонаққа институттағы достарым, Қазақ тау-кен институтының мұғалімдері, инженер Жақсыбаев пен Кравченко, Зухраның ағасы Гариф Шәріпұлы жас жұбайымен келді…», — деп жазды Дінмұхамед Ахметұлы өз естеліктерінде. Өкінішке орай, ерлі-зайыптылар балалы болмады, соған қарамастан, тату-тәтті ғұмыр кешкен.

 

Дереккөз: Ашық интернет порталынан алынды

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Иманасов-Кім білсін

Redaktor Site

Көз тігіп

Redaktor Site

Толқын Қабылша

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz