Qazyr.kz порталы
Руханият

Қазаққа орыстан сіңген он әдет

    ҚАЗАҚҚА ОРЫСТАН СІҢГЕН 10 ӘДЕТ

Әр халықтың өзіне тән төл әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері бар. Бұлар көбінесе ұстанған дініне, сенім-нанымына сай қалыптасады. Әрине, көп адам ырым мен дәстүрді шатастырып жатады. Салт-дәстүр — адамдардың қарым-қатынасынан туатын ережелер жиынтығы болса, ырым — соқыр наным болып табылады (әлдебір жанды/жансыз зат жақсылық немесе жамандық әкеледі деп сену).
Біз қазақ ішіне орыстан енген әдет-ғұрыптар туралы айтпақшымыз. Олардың жақсы һәм жаманын саралап алуды патша көңіл оқырманның өз еншісіне қалдырамыз.
1. Орыстар біз қазақты тік тұрып дәрет сындыруға үйреттік деп мақтанады. Иә, рас. Ислам дінінің әдебі бойынша, ер адам оң тізезін бүгіп, тізерлеп отырып дәрет сындырады. Алайда, мұндай әдепті көненің көзі болған ақсақалдар ғана орындағанын көргенбіз.
2. Арақ ішу. Қазақ арасына ащы судың қайдан келгенін бәріміз білеміз. Қазақ арақпен ХХ ғасырдың басында танысып, ғасыр соңында әлемдегі ең көп арақ ішетін халықтардың қатарына қосылды. Ескерту: қазір үлкендер жағы болмаса, жастар бұл әдеттен бой тартып, Исламға бет бұруда.
3. Тост айту. Тойда сағаттап тұрып тост айтып, бітіп бермейтін тілек білдіру — бұл да орыстан енген салт. Қазақтың дәстүрінде тойда жасы үлкендер бата беріп, былайға жұрт ән-күй тыңдап, балуандардың күресін тамашалап, түрлі ойын-сауық жасаған.
4. Келіннің неке көйлегін киіп, бетін ақ фатамен бетін жабуы. О баста келіннің ақ фатасы өліктің кебіні ретінде саналған. Яғни, көне орыс дәстүрінде әйелдің қоғамдағы орны өте төмен болған. Тұрмысқа шыққан әйелді үнемі бақыт күтіп тұрмайтын. Сондықтан, күйеуге қызды өлік шығарғандай қылып кебінге орап аттандыратын.
5. Анекдот айту. Кез келген жиында, отырыста тақырыпқа қатысы болмаса да анекдот айтып, жұрттың назарын өздеріне аударатын адамдар бар. Анекдот мән-мағынасыз жыртыңдап-тырқылдап отыру үшін немесе біреуді келемеждеп, кекетіп-мұқату үшін айтылады. Ал, мұндай қылық қазаққа жат.
6. Жуынып-шайынған адамды құттықтау. Моншадан немесе душтан шыққан адамға «ыстық буыңмен» деп айтатын ағайындар бұл мағынасыз дәстүрдің де орыстан енгенін біліп жүрсін. Көне орыстар үшін жуынып-шайыну бір бақыт болған секілді. Сондай бақытқа қолы жеткендерге салтақ-салтақ болып жүргендер қызыға қарап, құттықтаса керек.
7. Ата-анасына «сен» деп айту. Бұл әдет орыстың аса бір жексұрын, абыройсыз дәстүрінен бастау алады. Орыс тарихынан хабары бар адамдар олардың арасында кең тараған «снохачество» деген жексұрын әдетті жақсы білсе керек. Бұл, қысқаша айтқанда, ата мен келіннің ашыналығы деген сөз. Мұжықтар ұлдарын ертерек 12-13 жасқа толғанда 18-20 жастағы үлкен қыздарға үйлендіріп алып, ұлдары ержетіп еркек болғанша келіндерінің қызығын өздері көрген. Көбінесе ұлдарын басқа жаққа табыс табуға бірнеше жылға жіберетін немесе әскерге аттандыратын. Бүкіл бала-шағасымен бір үйде тұра беретін орыстар бәрі бірге моншаға да түсе салатын. Әрине, атасымен ойнас болған келін оған да, күндесіне айналған енесіне де сен деп сөйлеп, аттарын атайтын. Мұндай келіннен туған баланың әкем деп жүрген адамы ағасы, атам деп жүрген адамы әкесі болып шығатын. Сондықтан, орыс баласы ағасы болуы мүмкін әкесіне сен деп сөйлейтін.
8. Мерекелер. Орыстан енген мерекелер — жаңа жылды тойлау, 8-наурызды тойлау және т.б. Қазір бұған роджество қосылды. Иса пайғамбардың туған күнін басқаны қойып, облыстың білдей имамы тойлап жүргенін көргенбіз. Орыстың мерекелерінің барлығы дерлік Ислам дінін ұстанған қазаққа жат дүниелер.
9. Барлық әйелдерді «қыз» деп атау. Орыстың кемпіріне дейін өзіне «девушка» (яғни, «әй, қыз») деп сөйлегенді ұнатады. Осы дәстүрі де қазаққа қатты сіңіп алған. Көптеген қазақ әйелдер жасы кіші болса да еркектерге «ағасы» деп майысып, еркектер өзінен көп үлкен әйелге «қарындас» деп сөйлеп жүр. Бұл, әсіресе, қоғамдық орындарға анық байқалады.
10. Қарттар үйі, балалар үйі. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған қазақ бүгінде туған ата-анасын қарттар үйіне, шаранасын сәбилер үйіне тастап жүре беретін болған. Осы бір адамгершілікке жат жексұрын қылық қазақ арасында кең етек жайды!!!

Автор:Жолымбет Мәкіш

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Шаханов

Redaktor Site

Көршіден нені сұрауға болмайды?

redaktor_qazyr

Әлемдегі ең үлкен көлік кептелісі

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz