Ғұмырының 18 жылы түрмеде өткен, алмас қылыштай өткір қайраткер Әлімхан Ермеков өз туған ХАЛҚЫН жан-тәнімен сүйді! Содан болар АЛАШ ЗИЯЛЫСЫ:
«Біз қазақ халқы деп тудық, сол халық деп дүниеден өтеміз де. Басқа ой-пікір болған емес, болмайды да» деп бекер айтпаса керек…
1939 жылы жалған жаламен «ХАЛЫҚ ЖАУЫ» атанып, қаралы хабар әкелген 58-бап бойынша бас еркінен айрылады.
Ермеков сотталып келгенімен НКВД адамдары оны бақылап, қорлық, психологиялық қысым көрсетулерін жалғастырған екен.
Әлімхан Ермеков — математика ғылымы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор.
1935 жылы Қызылордадан көлемі 10 баспа табақ “Ұлы математика курсын” бастырып шығарды. Бұл – қазақ тілінде тұңғыш жазылған жоғары математика оқулығы. Қазіргі аналитикалық геометрияның, анықтауыштар теориясының көптеген атауларын Ә.Ермеков ұсынған. Кітабында бірінші рет «эф, икс, вэ» әріптерін пайдаланды. Бұл ойын ол 1930 жылдары Жаңа әліп отырымында талай айтқан-ды. 1935 және 1936 жылдары математикалық сөздерді де жинақтап, басып шығарды.
Әлімхан Ермеков – Алашорда өкіметінің соңғы тұяғы, Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының ізбасары болған, Қазақ жерінің сақталып қалуына жастайынан орасан үлесін қосқан тарихи тұлға!Небәрі 29 жасында Ленинмен 4 сағат қарсыласып, Қазақ елінің шекарасын шегендеген Әлімхан Ермеков