Qazyr.kz порталы
Руханият

Айттым сәлем

           Айттым сәлем

Жүргей де қайратыңды шыңдап арман.

Болдың-ау балапандай сында қалған.

Ақ мамық қанатынан ап қалдың ба,

Жібергем сәлем айтып тырналардан.

 

Тағдырың жетелесін ісіңді алға

Арманың қолын созып ұсынғанда.

Айтып ем сәлемімді жапырақтан,

Күзгі жел саған қарай ұшырғанда.

 

Сен дегенде шабытым толығардай,

Үміт құсым шыңдарға қонып алғай.

Ақ самалдан айтып ем сәлемімді

Кетті ме екен ол дағы жолыға алмай?…

 

Автор:Дүйсехан Нақымов

Ұқсас жаңалықтар

Халық туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Монтайтас ауылдық округі қашан құрылды?

redaktor_qazyr

Жүрегім жүгіреді

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz