Дәурен Абаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды Qazyr.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды,- делінген Жарлықта.
Дәурен Әскербекұлы Абаев — 18 Сәуір айының 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.Шапырашты руынан шыққан.2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. Лейден университетін бітірген (2006).
- 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
- 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.
- 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.
- 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
- 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.
- 2009 жылдың қазанынан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
- 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
- 2011 жылғы шілдеден — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
- 2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі.
- 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
- 2020 жылдың 4 мамырынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2021 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.