Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Журналист Амангелді Батырбеков 20 күнге қамалды

Журналист Амангелді Батырбеков 20 күнге қамалды,-деп хабарлайды Қазір ақпарат агенттігі,Masa.media — ға сілтеме жасап.
Ол сот шешімімен келіспейді

Түркістан соты «Сарыағаш-информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбековті «Жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамаған. Журналистің өзі сот үкімімен келіспейді. Ол апелляциялық шағым түсірмек.
Амангелді Батырбековтің үстінен депутат Болатбек Нәжметдинұлы арыз жазған.
Батырбеков 2023 жылы наурызда «Сыбайластық па не бұл?» деген тақырыпта Facebook-та жазба жариялаған. Жазбада журналист «алаяқтық дерегімен басталған қылмыстық іс бойынша Болатбек Нәжметдинұлы күдікті болып танылған» деп жазған. Депутаттың сотқа жүгінуіне осы сөйлем себеп болған.
Амангелді Батырбеков журналистік қызметіне байланысты бірнеше рет істі болған. 2022 жылы оны жергілікті экс-шенеунік Бауыржан Майриховтың тапсырысымен өлтірмекші де болған.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

admin_qazyr

Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі саяси форумының министрлік сегментіне қатысады

admin_qazyr

Алматыда цифрландыру мен жасанды интеллект бойынша кеңес өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz