Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Астанада журналистер аллеясы ашылды

Бүгін «Журналистер аллеясы» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлайды Қазір ақпарат агенттігінің тілшісі.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, БАҚ саласының ардагерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, елордалық мәслихат депутаттары мен жастар қатысты.

Аталған аллея – қолына қалам ұстаған тілшілер қауымының, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің басын қосатын, ортақ жетістіктерімізді атап өтуге, бұқаралық-мəдени шаралар өткізетін алаңға айналмақ. Саяақта баспасөз қызметкерлерінің құрметіне арнайы «Оқырман» мүсіні жəне тілші мен оператордың арнайы мүсіні орналастырылған.

Министр Дархан Қыдырәлі өз құттықтау сөзінде саябақ ұлттық руханият сабақтастығының символы және ұлы қазақ зиялыларының жолының жалғасы екенін атап өтті.

«Бүгін қазақ журналистикасы үшін тарихи сәт болды деуге болады. Елордадағы Егемен Қазақстан көшесінде Журналистер саябағы ашылды.
Осыдан дәл екі жыл бұрын дәл осы маңда Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш қайраткерлерінің ескерткіші ашылды. Сол қаламгерлер аллеясына ұласып жатқан журналистер саябағы ұлттық руханияттың сабақтастығын көрсетеді», — деді министр.

Іс-шара соңында Дархан Қыдырәлі қала әкімі Жеңіс Қасымбекке алғысын білдірді.Естеріңізге сала кетейік, жақында Президенттің қолдауымен 2 ақпан Ұлттық баспасөз күні болып жарияланды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын сатады

redaktor_qazyr

Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды

redaktor_qazyr

Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімін өз пәтерінде өлтіріп кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz