15.3 C
Шымкент
11-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Жігіттің тоғыз жауы

Жігіттің тоғыз жауы

Ата-бабаларымыз елдің қорғаны, халқының қамқоры ер жігіттің тоғыз жауын атап, одан аулақ болуды насихат етіп, сақтандырған.

Басты жауың — жалқаулық.

Сорлататын жаныңды.

Осалдығын — аңқаулық,

Соқтыратын саныңды.

Жасқаншақ болсаң, ұры алар.

Қоралап қойған малынды.

Жалатқызбас жасықтық,

Аузыңдағы балынды.

Өтірік айтсаң өңмендеп,

Жоғалтасың арынды.

Өсек терсең телмеңдеп,

Суға кетірер салыңды.

Көпірме босқа мақтан ғып,

Түкке тұрмас барыңды.

Көрінгенге жалтақтап,

Бола алмайсың жағымды.

Біреуді алдап арбаумен,

Аша алмайсың бағынды.

Жалқаулық пен аңқаулық,

Жасқаншақтық пен жасықтық,

Өтірік пен өсек,

Мақтан мен жалтақтық,

Алдау-арбау — бабалар меңзеген

жаулар.Оған арақ пен темекіні қоссаңыз,

Он бір жау екеніне қандай дау бар.

 

Материалды әзірлеген:Ораз Бердалы (Халық нақыл сөзінен)

Ұқсас жаңалықтар

Үмітпен

Redaktor Site

Оңтүстік Африкада қар жауып,1 адам қайтыс болды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz