Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамРуханият

Көршіден нені сұрауға болмайды?

Мына үш затты сұрауға болмайды 

«Көрші ақысы – тәңір ақысы» деген қазақта жақсы сөз бар. Әжем осы сөздің мағынасын мынадай мысалдармен түсіндіріп берген,  ақыл берер әңгімесі үшін әжеме алғыс білдіремін. Алла көршісімен жақын тұрған пендесін жақсы көреді. Сондықтан да көршіңмен қоян-қолтық араласуды өсиет етемін деп айтып кеткен әжем; қай мекенде тұрсаң да алдымен көрші ақысын ұмытпа. Олармен сыйлас, жақын тарт, бір үйдің адамындай болуың керек. Көршіден мына ҮШ ЗАТТЫ сұрауға болмайды.

Олар: ТҰЗ  ӘЖЕМ айтады: «Мейлінше дүкеннен сатып алуға тырыс. Егер алып келуге мүмкіндік болмаса көршіңнен алған тұзға аз болса да ақы төле. Өйткені тұзда береке бар. Сен оның тұзымен қоса, берекесін де алып кетуің мүмкін. Сондықтан да өзің біреуден тұз алма, біреуге тұз берме». ӘЖЕМ айтады: «Қызым, көршің сені көмекке шақырса, оны жасап бергенің үшін ақы сұрама. Кейде есігі бұзылып немесе баласы қараусыз қалып жатады. Осындайда бірінші көршіден көмек алады. Сол кезде уақытыңды алдым деп көрші ақша ұсынады. Өзгеге де беретін едім ғой, алшы деп қиылатындар да кездеседі. Сол кезде сыпайы түрде бас тартуың керек. Өйткені күндердің күнінде сенің де күнің көршіге тууы мүмкін. Сонда жарық жүзбен көршіңнің есігін қаға аласың». ӘЖЕМ айтады: «Кейде тұқымы жақсы иттің күшігін асырап алғысы келетіндер болады. Бұл кезде де көршіңмен татуластығыңа сызат түсіргің келмесе күшік беруге асықпа. Білетін көршің болса күшікті сатып алу ырымын жасайды. Ал білмейтіндерге жатығымен түсіндіруге тырыс. Онда тұрған не бар деп елемеуің мүмкін. Бір-біріне күшік беріп, иттей ырылдасып қалған көршілерді көргенбіз. Атадан келе жатқан кез келген тыйымның астарында терең мән жатады. Ешқайсысы ойдан, қырдан шығармайды.

Ұқсас жаңалықтар

Мекембай Омарұлы

Redaktor Site

Менің Анам-100 жаста!

Redaktor Site

Міржақып Дулатұлы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz