Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Президент «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заңға қол қойды

 Мемлекет басшысы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңдарға қол қойды.Заң нормаларына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.

Бұл аумақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ  бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады.

Арнаулы аймақты кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған.

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заңда мына мәселелер қарастырылған:

1. Бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы» арнаулы аймағын құру;

2. Радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;

3. Полигон аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының  аумағын оңалту;

4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 50% өседі

redaktor_qazyr

Қытай инвестициясы жеріміз-байлығымызға сырға салып келді, «ас та төк құдалық» күтіп тұр

admin_qazyr

Мұқаев: Жай ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz