Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жылу желілері мен сумен жабдықтау жүйелерінің жағдайын тексеріп қайтты

  Мәселен, Шымкент қаласының жылу желілерінің ұзындығы – 838,6 шақырым. Олардың тозу көрсеткіші – 37%. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін энергия қысымын тексеру жұмыстары тиісті деңгейде орындалды. Қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, жылу желілеріне техникалық аудитті жүргізіліп, соған сәйкес тексеру нәтижелері белгілі болған. Жылу беру инфрақұрылымын қалыпты деңгейде ұстау мақсатында 2023 жылы жергілікті және республикалық бюджеттен 6,3 млрд теңге бөлінді.

Айталық, республикалық бюджеттің есебінен 8,7 шақырымдай желілерді жаңғырту жоспарланған. 2 жоба бойынша 4,5 шақырымға созылған жылу беру инфрақұрылымының құрылысы қолға алынып, оның 1,3 шақырымын салу жұмыстары аяқталды. Қазір ұзындығы 4,2 шақырым болатын магистральды жылу құбырын жаңғыртуға байланысты жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Биылғы шілденің соңына қарай қажетті сараптаманың қорытындысын алынады деп көзделген.

   «Тұтастай алғанда, Шымкенттегі жөндеу жұмыстары әкімдіктің ұдайы бақылауында», деді ЖАО-ның өкілдері.

Сондай-ақ ҚР ИИДМ өкілі су бұру жүйелерінің жағдайын да бағамдап шықты.

Қазір 81 елді мекеннің 78-і таза сумен қамтамасыз етілген. 3 елді мекенде (Құрбай, Сайрам, Қайнарбұлақ) құрылыс жұмыстары іске асырылып келеді. Оны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Мұның нәтижесінде 72 мыңға жуық адам ауыз судан таршылық көрмейтін болады. Тұтастай Шымкент қаласы бойынша сумен жабдықтау қызметтерімен 98,5%-ға қамту межеленген.

Бұдан кейін Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Түркістан облысына аялдап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды байқап қайтты. Атап айтқанда, облыста 34 орталықтандырылған жылу қазандығы мен 1 ЖЭО жұмыс істеп тұр. Аталған инфрақұрылымның нақты тозу мөлшерін анықтау үшін техникалық байқау жұмыстары жүзеге асырылды. Өңірде көмірге деген қажеттілік – 1 154 мың тонна. Қазір қатты отынның 121,5 мың тоннасы тасымалданды.

Бұдан басқа 4 сорғылау стансасы мен 6,6 шақырымдық магистральды жылу желілерін жаңғырту үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге аударылды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесіне сәйкес Ә.Пазылбекұлы барлық жобаны белгіленген уақытта аяқтау үшін құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды

redaktor_qazyr

Ертең Шымкент қаласындағы Тұран,Абай,Еңбекші аудандарында жарық уақытша өшіріледі

redaktor_qazyr

Жұмыстан босатылған мем-қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz