Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Өскемен қаласында үйдегі қою түтіннің салдарынан бір адам құтқарылып, 80 адам эвакуацияланды

«Өскемен қаласында үйдегі қою түтіннің салдарынан бір адам құтқарылып, 80 адам эвакуацияланды»-деп хабарлайды Qazyr.kz .

2023 жылғы 6 шілдеде 23 сағат 08 минутта Ломоносов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс пен ескі заттар жанды.

Үйді ащы қою түтін басты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұрғындарды дереу эвакуациялай бастады. Баспалдақ марштары бойымен 80 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар 1938 жылы туған әйелді көтеріп алып шықты.

Өрт сөндірушілер темір кесетін құралдың көмегімен жертөленің есігін ашып, 3 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп,  түтінді сорып шығарды.

Мұндай қатты түтіннің себебі сөндірілмеген темекі немесе сіріңке түріндегі ашық, төмен калориялы тұтану көзі болды.Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте түрмедегі азамат қаза болды

Redaktor Site

Қазақстанға алпауыт Amazon интернет дүкені келе жатыр

redaktor_qazyr

Президенттің Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев ҚР Цифрлық даму министрі лауасызымына тағайындалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz