Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Арыс қаласына қарасты,Дермене ауылындағы дүкендерінің сөрелерінде енді ішімдік сатылмайды

ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ

Дермене ауылының әкімі мен ауыл жастары той-думанды арақсыз өткізуге, дүкен­дерде шарап сатпауға шақырды. Осы мәселе бойынша бүгінгі жұма күнгі намазда бірауыздан тұрғындарға үндеу тасталынып, үгіт-насихат жұмыстарына ден қойылды.
Дермене елді мекеніндегі 5 дүкен бар.Ауыл қариялары мен жалынды жастардың бастамасын тұрғындар жаппай қолдап, әр кәсіпкерлік нысанның есігін қағып, үгіт-насихат жұмыстарын үдетті. Дүкен иелері спирттік ішімдіккті мүлде сатылымға шығармайтыны туралы хабарлады.
Дермене ауылдық окургінің әкімі А.Құрманхожаев пен әкімдік мамандары,Арыс қаласының ішкі саясат бөлімі, «DermeneAgroGroup» ЖШС-нің төрағасы М.Тоқболаев жәнеде Дермене ауылдық округінің жастары «Ішімдіксіз ауыл» жобасы аясында ауыл ішіндегі дүкендерді аралап кәсіпкер М.Тоқболаев өз қаржысына дүкенде тұрған спирттік ішімдіктерді сатып алып, ауыл жастарымен жоюға кірісті.


Ішімдік демекші, қылмыс­тардың көпшілігі азаматтардың спирттік ішімдіктерді ішкені салдарынан туындап отыр. Осы мәселелер тұрғындармен кездесу барысында жақсы айтылып, жан-жақты түсіндірілді.
Дермене ауылдық округінің әкімі:

«А.Құрманхожаев, «Әкімқары» мешітінің имамы Т.Дүкенбаев, ауыл ақсақалы А.Абдраманов өз сөздерінде ауылымыз бойыныша ішімдік ішу тоқтатылса, қылмыс саны азаятынына кәміл сенемін. Ертеңгі ұрпақтың бүгін бесігін түземесек, ертең ел болудан қаламыз, – деді жиында. Бүгінгінің жасы мен жасамысы ащы суға әуестенбей, дұрыс бағытта жүруі керектігін атап өтті».

Халықты қалайда зиянды әдеттерден арашалаған абзал. Саламатты өмір салтын қалып­тастыруды мұрат еткен елімізде ішімдікке әуестенушілердің жолын кескен жөн болар!

Ұқсас жаңалықтар

Алматыды журналист Асхат Ниязовты полиция ұстап алып кетті

redaktor_qazyr

CONNECTED-2024 конференциясы аясында стартаптар көрмесі мен халықаралық конкурс өтеді

redaktor_qazyr

Елордада 19 жастағы есірткі делдалы ұсталды

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты