«Қазақстанда екінші деңгейлі 9 банк таратылуы мүмкін»,-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Тиісті құжатты Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі «Ашық НҚА» порталында жариялады.
«Қазіргі таңда Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Бұл ретте 9 банк тарату процесінде», — делінген құжатта.
Осы ретте, Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры тарату процесінде тұрған банктердің тізімін жариялады:
— Capital Bank Kazakhstan;
— AsiaCredit Bank;
— Tengri Bank;
— Астана банкі;
— Эксимбанк Қазақстан;
— Qazaq Banki;
— Delta Bank;
— Казинвестбанк;
— Валют-Транзит Банк;
— Наурыз Банк Қазақстан.
Құжатты қоғамдық талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.