Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Сарыағаш ауданында,5 жасар қызды зорлап, өлтіріп кетті

                                                                                           Фото:Stan.kz
«13ші Шілде күні,Түркістан облысы,Сарыағаш ауданы,Жібек Жолы ауылында (Черняевка) 5 жасар қызды,1975 жылы туылған ер адам зорлап,өлтіріп кетті»,-деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі қызының жоғалғаны туралы арыз жазған. Артынша полиция ауылдағы үйлердің бірінен қыз баланың жансыз денесін тапқан.

  Ақорданың ақпаратынша, құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруге тапсырма берді.

Азаттық радиосының дерегінше, ауыл тұрғындары наразылыққа шығып, күдіктіні халықтың қолына беруді талап еткен. Ақпаратты полиция да растап, қазір тұрғындардың тынышталғанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Цифрлық платформа жас педагогтерді әділ іріктейді

admin_qazyr

Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономиканы әр тараптандыру мен халықтың тұрмысын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырады

admin_qazyr

Respublica: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz