Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамРуханият

«Шал» сөзінің мағынасы не?

Ал, шал сөзінің мағанасын қазіргі жастар бұл сөздердің түпкі мағанасын толық білмегесін, үлкендер «ұят болады қойыңдар» демегесін бір-бірін «кемпір», «шал» деп айтып жүр. Жастар түгелі үлкен астарда «Ата ұлдарына» шапан таратқанда, көп жерлерде «ана рудың шалынан кім бар», «мына рудың шалдарынан кім бар?!» деп айқайлап жатады. Ақсақал деген қастарлі сөз ұмытып, шал деген сөзі басып барады. Қазір, балаларымыз, әке, шешем деген ардақты сөздің орнына біздің үйдің «кемпір», «шалы» дейтін болды. Бір, біріне «шал қайда?», десе «шал ауылда жоқ» деп жатады. Бұл сөздерге құлағымыз үйреніп барады.


«Шал күндіз мақтаншақ, кешке жасқаншақ, түнде қызғаншақ болады» дейді қазақ.Кейде үлкендер жағы «ей мынау жасына жетпей шал болыпты ғой» деп жатса, енді бірде, «әй оны шал демең, жақында балалы болды ғой» депте жатады. Кейде әйелі қайтыс болған жасы үлкен адамдарға да, «Ол әлі шал емес шығар, бірдеңе алу керек қой» деп жатады. Көбіне үлкен кісілер шал дегенге шамданып жатырса, ал қазіргі жас жігіттер «шал» деген сөзге мақтанады. Шал сөзінің түпкі мағанасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз.
Ал, келіндер, күйеулеріңді «шалым», «біздің шал», «біздің үйдің шалы» дегенше күйеуім, отағасым, жарым, балаларымны әкесі десе болады ғой. Ақсақалдардан естіп, сұрап жасаған тұжырым осы. Кешірім сұраймын, бірақ, біз білгенімізді жастарға айтып, жазып отыруымыз қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Шал ақын

Redaktor Site

Түркістан облысында полицейлер 4500-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады

redaktor_qazyr

Қадыр Мырза Әли

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz