Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамМәдениет

ЕР АДАМ ЖАСПЕН ӨСПЕЙДІ, ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ӨСЕДІ!

ЕР АДАМ ЖАСПЕН ӨСПЕЙДІ, ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ӨСЕДІ!

Бір адамдар бар. Жастары отызға, қырыққа келсе де, өздерін әлі бала секілді көреді. Алға қойған мақсаттары, көздеген межелері  жоқ. Олар үшін ата-анасы ойлайды, олар үшін ата-анасы ақша табады. Әке-шешесінің мойнына отырып алған осындай адамдар үшін ештеңе қиын емес. Қаласа ала салады, қаласа тастай салады…

Ал керісінше бір балалар бар. Олардың ойлары тым әріде. Олар «ата-анамды қуантсам» деп жүреді. Олар оқиды, ізденеді, мақсат қояды, талпынады.
Бәлкім, біреуі арманына жетер, біреуі жетпес. Бірақ бұл балалар — нағыз жауапкепшілік дегеннің не екенін біліп өсетін тұлғалар.
Олар отбасының тізгінін ұстай алатын жақсы ер болады. Олар бала-шағасын асырай алатын еңбекқор әке болады. Отбасын тастап кетпейді. Себебі, олар әр адамның, тіпті, адам түгілі әр заттың қадірін біліп өседі.

Сондықтан ер адамның ақылы мен парасатын оның жасымен өлшемеңіз.
Ұл балаңыз болса, оны жастайынан әр нәрсенің құнын білетін үнемшіл, отбасы үшін жауап бере алатын жауапкершілігі мол жігіт етіп тәрбиелеңіз.

Айналасына опалы, ағайын-туғанына жақын қылып өсіріңіз. Ешкімді жылатып тастап кетпейтін, ешкімді орта жолда алдап соқпайтын шыншыл етіңіз.

Ұқсас жаңалықтар

Ажырасу туралы баллада

Redaktor Site

Өлең: Сергелдеңде

redaktor_qazyr

КСРО қалай құрылды?

Redaktor Site
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты