Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапМәдениет

Ызыңдаған шыбыннан бал дəметкен заман -ай

Ызыңдаған шыбыннан бал дəметкен заман -ай
Бай болса да кедейден мал дəметкен заман -ай
Жиырмадағы сылқымды шал дəметкен заман -ай
Шабан озып жүйріктен алға кеткен заман -ай

Атағы асып кейбірдің айға жеткен заман -ай
Бұрынғының тəртібі қайда кеткен заман -ай
Елудегі ағаны бойдақ еткен заман -ай
Ер тұрманды жүйрікті жайдақ еткен заман -ай

Енесінен келіні шай дəметкен заман -ай
Қырыққа кеп қыз əрең байға кеткен заман -ай
Көп адамдар тек байлық ойлап өткен заман-ай
Тойымсыздар екі ұртын майлап өткен заман-ай

Мөлдір қайнар бастауға қақ тұратын заман -ай
Жақынынан сескеніп сақ тұратын заман -ай
Шарананы қоқысқа лақтыратын заман -ай
Жас жеткіншек кəріні жаққа ұратын заман-ай.

Ағайынға ағайын қас қылатын заман -ай,
Дұшпан болып табалап басқа ұратын заман-ай
Жақсыдан көп жамандар сап құратын заман-ай
Жала жауып нақақтан жаптыратын заман-ай

Күре жолды тар етіп тайғақ қылған заман -ай
Алаяқты шақырып айғақ қылған заман-ай
Жомарт қолын жоқшылық байлап тұрған заман-ай
Бұлбұл үнсіз қораздар сайрап тұрған заман-ай.

Сұмыраймен сұмдарға атақ ерген заман-ай
Мансапқорлар қауымға бата берген заман-ай
Жалқау жандар сылтау қып жата берген заман -ай
Адалдардың артынан шатақ ерген заман-ай

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың сегізінші қара сөзі

redaktor_qazyr

Күләш Ахметова — Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым

Redaktor Site
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты