Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Ұлттық ұлан сарбазы суға кеткен спортшыны құтқарды

Ұлттық ұлан сарбазы суға кеткен спортшыны құтқарды

21 шілде күні елордадағы студенттік саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін өзі киімін шешіп, суға секірген.

Белгілі болғандай, 12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу барысында жел екпінінен каноэсі аударылып, суға бата бастаған.Сарбаздың жылдам әрекет ету арқасында, ажалдан аман алып қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Прокурор тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға соттауды сұрады

redaktor_qazyr

Жоғары ақы төленетін жұмысқа ұсыныс алсаңыз,ойланыңыз — Бас прокуратура

redaktor_qazyr

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz