Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Елімізде,автокөліктердің «Техникалық байқау» құжаты биыл цифрлы форматқа ауыстырылады

«Елімізде,автокөліктердің «Техникалық байқау» құжаты 1-ші қыркүйек айынан бастап,цифрлы форматқа ауыстырылады»,-деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Осы жылдың,күз мезгіліне таяу көлік жүргізушілеріне қағаз жүзіндегі«техникалық байқау» құжатын алып жүру қажет болмайды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алды.Енді«Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады.

Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің қанатқақты нұсқасы алдағы 1-ші қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады.Аталған жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режімде тексеруге болады.

Айта кету керек, цифрлы құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей және олардың артықшылығы көп: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып, қоғамның сенімі артады,-делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімедемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әкімі Алғабас ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті

admin_qazyr

Алматыда жасанды интеллект жүйесіне сүйенетін бейнебақылау енгізіліп жатыр

admin_qazyr

Бір мақсат – бір қауіпсіздік: қос ел теңізшілері бірлескен жаттығу өткізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz