Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестерРуханият

Баланы сүндетке отырғызудың пайдасы

Баланы сүндетке отырғызудың пайдасы

Бала туылған сәтте оның шашының алынуы, бойындағы қанының жуып тазалануы және баланы жолдасынан шығарып алу – мұның барлығы да шариғаттың әмірі. Оның үстіне, медицина міндетті деп білген амалдардан. Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл туралы бір ауыз сөзбен: «Зиянкесті бойынан кетіріңдер», – деген.

Ал, енді, сүндеттеудің медицина мамандары айтқан пайдаларына тоқтала кетейік:

1. Жыныс мүшесінің қабынуының алдын алады.

Зәр жолы тар болғандықтан, мүшенің басын ұдайы ерекше тазалап отыруды талап етеді. Бұл балаға едәуір қолайсыздық тудырады. Есейгенде жыныс мүшесінің обыры сынды дертке де шалдыруы ықтимал. Мұны медицина мәліметтері де растайды. Мысалы, сүндеттелгендер арасында жыныс мүше обырына шалдығу қауіптілігі 0 пайыз. Мүлдем жоқ. Алайда, Қытай, Уганда және Пуэрто-Рико сияқты елдерде обыр ауруының 12-22 пайызы жыныс мүшесінің обыры үлесінде. Бұл – зияндылығы жағынан өте жоғары көрсеткіш. Бұған қоса нәрестелердің де зәр жолының қабынуының 95 пайызы сүндеттелмеудің салдарынан орын алады. Ал, сүндеттелген балалар арасындағы зәр жолы қабыну көрсеткіші 5 пайыздан төмен. Демек, бүйрек жұмысының бұзылуына, қанға және денеге зиянды бактерия таралуына соқтыратын басты себеп – сүндеттелмеу екен.

2. Жыныс жолы арқылы таралатын кеселдерді болдырмайды

Жыныс жолы арқылы таралатын көптеген аурулардың басым салмағы сүндеттелмеген адамдар жағында екенін зерттеулер нәтижесі көрсетті.

3. Әйелдің жатыр мойнының обырынан қорғайды.

Сүндеттелген жұптар арасында әйел жыныс мүшесінің обыры болмайтын көрінеді. Бұл мәліметтерді доктор Мұхаммед әл-Бар өзінің «Хитан» (сүндеттеу) атты кітабында жазады.

Сүндеттеу – адам денсаулығын сақтаудың маңызды профилактикасының бірі. Хадисте: «Төрт амал пайғамбарлар сүннеті: сүндеттеу, иіс су мен мисуак қолдану және некелесу», – деген. Бұл Ахмед және Тирмизи еңбектерінде кездесетін хадис.

Бұл сүндетке отырғызудың бүгінгі ғылым дәлелдеген пайдалары ғана, ал оның ашылмай жатқан сырлары қаншама?! Алла бізді сүннетке сай амал етуші сүйікті құлдарынан қылсын!

Ұқсас жаңалықтар

Бас ауырса не істеу керек?

redaktor_qazyr

Антон Лапенко мен Maul Comic Con Astana фестивалінде жанкүйерлерімен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Ат тағалаудың құпиясы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz