Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Монтайтастық тұрғын фильтр су орнатамын деп алданып қалды

«Монтайтастық тұрғын үйіне фильтр су орнатамын деп алданып қалды»,-деп хабалайды Qazyr.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Оқиға,Тамыз айының 15-16 күндері орын алған.Жергілікті әйел,өзінің үйіне ауыз суды тазартып,сүзіп тұратын құрылғыны орнатпақ болып, екі жігіттен 180000 теңге тұратын фильтр сатып алады.Құрылғыны толыққанды орнатқандай болып,әлгі жігіттер ақысын ала жөнелген.Көп ұзамай әйел,екі жігіттің фильтрді дұрыс орнатпағанын,үйіне келген өзге фильтр орнатушы жігіттерден білген.Фильтрді  орнатушының айтуынша: олар,фильтрді  суағарға орнатып,қосымша (қыс мезгілінде мұздатпай тұратын) құрылғысын бермей кеткен.Бұл оның белгілі бір уақыттан кейін істен шығатынын білдіреді,олар тек ақша табу үшін осындай қадамға барғанына сенімді,және бұл барып тұрған алаяқтық.деді.

Жәбірленуші әйел:
— қай бір жылдары үйіме және көршілеріме фильтр суды орнатып береміз деп жарнама жасап жас жігіттер келген,ол уақыттары маған аса қажет болмады.Кейінгі жылдары қатты ауырып,ағзаға сүзгіден өткен судың пайдасы жайлы естіп,филтьр автоматын құрдырмақ болып,осы жігіттерге қоңырау шалдым.Олар маған акция науқаны жүріп жатқанын және осы автоматты сатып алсаңыз,сізге қосымша сыйлығымыз да бар деп сендірді.Өзіме керек болғаннан соң,жігіттерді шақырып орнаттым,бірақ олардың дәл осылай алдап кетерін білмедім.Мен,ол жігіттерден бұл құрылғыны банк арқылы бөліп төлеуге рәсімдеп алғанмын,оларға екінші келген фирманың жігіттері арқылы хабарласып,өзара келісіп,заттарын кері қайтарттым да,бөліп төлеу келісімін бұздырттым.Сіздерге айтарым филтьр су құрылғысын орналастырмас бұрын,оның бөлшектері мен қосымша құрылғыларын түгел құрастырып бергендігіне мән беріңіздер!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

redaktor_qazyr

Шымкент қаласы Ораза кестесі 2024 жыл

redaktor_qazyr

Психологтардың айтуынша егер адам…

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты