Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Кешегі Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның 9-ы табылды

«Түркістан облысы,Отырар ауданы,Көксарай елді мекеніндегі Сырдария өзеніне батқан 11 адамның 9-ы табылып, мәйіттің денесі судан шығарылды. Оның 3-і әйел, 6-ы бала»,- деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеп.

– Бүгінгі таңда суға батқан 11 адамның ішінен 9 адамның, соның ішінде 3 әйелдің және 6 кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. Тағы 2 баланы іздестіріп жатыр, – делінген хабарламада.

Қазір ТЖД-да жедел штаб құрылды, жедел желі жұмыс істейді 8 725 33 5-78-81.

Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 бірлік техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД Жедел құтқару жасағынан 13 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қ. ТЖД Жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 1 техника, Түркістан облысы ТЖД 50 адам, 2 дрон, 5 техника, ЖАО-дан 4 адам, 1 жүзу құралы, Полиция департаментінен 71 адам, 1 жүзу құралы және 7 техника, «103» қызметінен 6 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылған.

Оқиғанын мән-жайын Түркістан облысының Полиция департаменті анықтап жатыр.

Оқиғаны еске түсірсек,21 тамыз кешкісін сағат 17:40–та Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзенінде шомылуға белгіленбеген орында 11 адам (оның ішінде 8-і кәмелет жасына толмаған) суға батқан. Олар ағайынды 4 отбасының мүшелері екен. Барлығы 20 адам. Суға батқаны — 11 адам.

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқыны орын алған аймақтардағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшіріледі

redaktor_qazyr

Сарыағаш ауданында 4 жасар баланың денесі өзеннен табылды

redaktor_qazyr

Монша жағамын деп,шашын өртеп алды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz