Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

2026 жылдан бастап Алматыда мектептер бір ауысымда оқытуға көше бастайды

Алматыда мемлекеттік мектептер 2026 жылдан бастап бір ауысымда оқытуға көше бастайды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесінде айтты, деп хабарлайды Qazyr.kz тәуелсіз ақпарат агенттігі Zakon.kz— ке сілтеп.

Әкімнің айтуынша, қазіргі оқушылар орнының тапшылығы оңтүстік астанадағы мемлекеттік мектептерде сапалы білім берудің басты мәселесі болып қала береді. Қала халқы жыл сайын 70 000 адамға өсіп, сапалы әлеуметтік қызметтерге жоғары сұраныс өсіп жатыр.

«Оқу жылы басталмай тұрып біз тапшылықты 36% қысқарттық. Дегенмен мегаполисімізде жалғасып жатқан baby boom (туу көрсеткішінің артуы. – Ред.) және халықтың жоғары көші-қоны бұны ең өзекті мәселе етіп отыр», — деді. Ерболат Досаев.

Ол жаңа оқу жылында қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мектептерге 34,3 мыңнан астам бала қабылданғанын айтты. 1-сыныпқа 12 мыңнан астам бала барады. Сондықтан әкімдік өзекті мәселелерді шешу үшін алдағы екі жылда пайдалануға берілетін 5,2 мың орындық 13 мемлекеттік білім беру мекемесін жобалап, салуды жалғастырмақ.

Сонымен қатар әкімдік жекеменшік мектептерді құруды қолдауға жалғастырады. Ірі құрылыс салушылармен жасалған меморандумдар аясында 14,4 мың орындық 19 жеке ұйым, оның ішінде 9 мың орындық 10 мектеп салу жоспарланып отыр.

«Тапшылық мәселесінің түбегейлі шешімі Алматыдағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын тиімді жүзеге асыру деп есептейміз. Оның аясында 2025 жылға дейін қаланың барлық ауданында 37,1 мың оқушыға арналған 22 мектеп салынады. Инфрақұрылымды салу үшін Жергілікті бюджетте жер телімдерін кеңейтуге 20 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Осы шараның барлығын ескере отырып, біз 2026 жылдан бастап мемлекеттік мектептердің бір бөлігін бір ауысымда оқытуға көшіруді кезең-кезеңімен бастауды көздеп отырмыз», — деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін ҚР премьер-инистрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мектеп оқушылары 25 мамырға дейін оқитынын айтқан еді. Оның сөзінше, министрліктің шешімі негізді, бірақ асығыс.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентке алғашқы қар қашан жауатыны белгілі болды

redaktor_qazyr

Монтайтастық чемпионның бейнесін, туған өлкесіндегі орталық көшелердің бірінде орналасқан тақтаға ілді

redaktor_qazyr

Шымкентте «Ең адал» деп танылған полицей 7 жылға бас бостандығынан айырылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz