Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы болып Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды

Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы болып Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды.

Бұған дейін Ақмола облыстық Полиция департаментін басқарған.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа бастықты мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды.

Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды.

Соңғы лауазымы — Ақмола облысы ПД бастығы.

Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жеке басты куәландыру құжаты өзгереді

redaktor_qazyr

Түркістан облысында жаңа үш қала пайда болуы мүмкін

redaktor_qazyr

Түркістанда жүзеге асатын жаңа құрылыс нысандарының сәулеттік жобалары талқыланды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz