Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Ринат Зайытов:Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды

«Ринат Зайытов:Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ Stan.kz— ке сілтеп.

“Бізде көп шенеуніктер өздерінің ойларын жеткіземін деп ойлап басқа нәрсе айтып кетеді. Мен өзімнің оқу-ағарту министрлігімен керемет жақындығым жоқ. Мүмкін оның муфтимен ақылдасамын дегені сақтанғаны шығар. Ертең мені қазақтар, орта жеп қоймасын деп, жауапкершілікті ысыра саламын деп ойлаған болар. Бізде тек қана муфтият емес христиандар, басқа да діндер бірлестігі бар.

Әрбір діни бірлестіктің өзінің басшысы бар. Неғып солар шу шығармайды? Себебі, көптеген мемлекеттерде арандату және тағы басқа дүниелер өкінішке қарай, ислам діні арқылы келді. Маған алдында бір кездесуде қаршадай 10-сынып оқушысы “неге біздің мектепте орамал, хиджаб таққызбайды?” деп сұрақ қояды. Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бірақ діни атрибутиканың айналасында әңгіме туатын болса шешімді тиісті министрлік айтуы керек. Неге бізде бұл әңгіме жыл сайын қозғалады? Менің ойымша, осы арқылы қоғамның арасына іріткі салып отырған топтар бар”, – деді депутат Адырна ұлттық порталының Youtube арнасына берген сұхбатында.

Жүргізуші халық қалаулысына мектептерде намаз оқитын бөлмелерін ашуды ұсынған қоғам белсендісінің бастамасы туралы айтты. Бұған депутат Қазақстан зайырлы мемлекет деп жауап берді.

“Мектептерде намазхана болса онда буддистердің, христиандардың, яхудилердің өзінің діни құлшылығын жасайтын бөлмелер ашып берейік. Біз зайырлы мемлекетпіз. Біз барлығының құқығын тең сақтауымыз керек”, – деді ол.

Бұдан кейін ол Ислам дінін қабылдаған рэп-орындаушының сөзін мысалға алды.

“Айс Кьюб деген рэп орындаушы “сіз мұсылман дінін қабылдағансыз ба? “ деген сұраққа “жоқ” деп жауап беретін. “Неге мойындамайсыз?” десе “өйткені менің бойымда ұялатын дүние көп” дейтін. “Сондықтан мүсылманмын деп айтуға ұяламын. Ертең басқа мұсылман менің қателігімді қайталамасын” деп дейтін. Мен сізге факт айтайын. Қазақстанда жасалып жатқан алаяқтықтардың 80 пайызын жасап отырған қауым – намаз оқитындар. Өтірік десе бетіме бассын. Тіпті қарапайым базарға барыңыз, басқа жерге барыңыз “Алла” деп тұрып адам алдап жатыр. Онда жанашыр адамдар осыны түзетсін”, – дейді Ринат Зайытов.

Ұқсас жаңалықтар

Министр Светлана Жақыпова кей мамандықта оқитын студенттерді әскерден босатуды ұсынды

redaktor_qazyr

Шымкент әкімнің орынбасары Мақсұт Исахов жемқорлық күдігімен ұсталды

redaktor_qazyr

Трамп Путинмен Украинадағы соғысты доғару жайында телефонмен сөйлесті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz