Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб кию мәселесіне жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб кию мәселесіне жауап берді.

«Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс.

Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек.

Жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды. Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз»

Ұқсас жаңалықтар

Автобустан құлаған тұрғын 13 млн теңге өндіріп алды

Redaktor Site

Дина Төлепберген: Бізде журналистер жалаңаш.Біз ең бейшара кәсіп иесіміз

redaktor_qazyr

Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынатын айыппұлға қатысты ереже қайта қаралуы мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz