Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазір

Қабылсайдағы қанды қылмыс

Түркістан облысы Қабылсай ауылында қанды қылмыс орын алды.Үйінде жалғыз қалған жас келінді,үйіндегі жалдамалы екі қойшысы қасақана өлтірді,- деп хабарлайды QAZYR.KZ тілшісі.

Оқиға,9-ыншы қазан күні күндізгі уақытта болған.Отбасы малшылықпен нәпақасын тауып жүрген.Екі қылмыскер(ер адам) сол үйдің қойын баққан.Жалдамалы қойшылар мен жұмыс беруші өлген әйелдің күйеуімен түсініспеушіліктер туындап,ақыр соңы кек қайтармақ болып әйелді бауыздап сол жерде мерт етті.

Бұл уақытта үйдегі қалған адамдар(ата,енесі) ауылдан тыс жерде болған.Ал әйелдің күйеуі жұмыстарымен ауыл ішінде жүрген.Әйелінің өлі денесін көрген күйеуін де артынан пышақ сұғып ізін суытқан.

Қазір екі ер адамды(қарақалпақ ұлты)Бадам станциясы маңынан полицейлер ұстады.

Ұқсас жаңалықтар

Жігітті интимдік бейнежазба арқылы бопсалаған

redaktor_qazyr

12. Кадрлық билік формуласы өзгерді: Алгоритм, ашықтық және бәсеке

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz