Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

ЛИМОННЫҢ ПАЙДАСЫ

Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда, өте жақсы көмек береді. Шөлді қандырады.Лимон шырыны жүйке жұмысын реттеп, қан қысымын төмендетіп, қан жоларын тазалап, ревматизмнен жазуға көмек береді.Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынын 2 тамшысын қосып, қызыл иектің қанауын мен қабынуын төмендетеді.

Құрғақ әрі сезімтал теріні ылғалдандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырынын мен 2 шәй қасық балды ыдысқа салып, араластырып жағады.Лимон терінің майлылығын азайтып, безеуден де арылтуға пайдалы. Бір жұмыртқаның ақуызы мен лимон шырынын араластырып 20 минуттан кейін жуып тастаса, тері тазаланады.Тері күйгенде лимоннаен компресс жасап, 1 күн байлап ұстаңыз. Жазылуды тездетеді.

Уланғанда шырынын жылы суға салып, ішсе, токсиндерді шығарады.Етеккір қатты келгенде әйелдерге лимон шырынын ішу пайдалы.Алма мен лимон шырыны араласқан шырын дизентерия кезінде ем.

Жүрек әлсіз болғанда, лимон қабығын шайнайды.Мұрыннан су аққанда, 4 тамшы шырынды мұрын қуысына күніне бірнеше рет тамызады.Мұрын қанағанда шырынға мақтаны батырып, қояды.Ангина кезінде 1 стақан жылы суға жемістің шырынын араластырып, тамақты шаяды.

Лимон дақты кетіреді. Былғары киіміңізге сия тамып кетсе, лимон шырынына батырылған шүберекпен сүртіңіз. Киімге фломастер не маркер тигізіп алсаңыз, аз ғана лимон шырыны мен тұз сеуіп тастаңыз. Кейін жуып тастаңыз. Металл ыдысты лимон қабығымен сүртсеңіз, жарқырап шығады.

Үйіңізге құмырсқа үйір болса, жүретін жолына лимон шырынын немесе 2 тілігін тастасаңыз, қайтып кетеді.Көкөніс салынған ыдыстың арасына 1 дана лимон салсаңыз, көкөністер ұзақ сақталады. Сарғайып кеткен киімді қайнаған суға лимон шырынын қосып жусаңыз, түсі орнына келеді. Микротолқынды пештің жағымсыз иісінен арылу үшін, суға бірнеше тамшы лимон шырынын қосып, суды кейін суытып, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Лимон Иісін тез кетіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Туған жылына қарап мінезін таны

redaktor_qazyr

Бірінші курс студентіне кеңес

redaktor_qazyr

Ұйқы жақсы болу үшін не істеу керек?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz