Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Беттегі тыртықты қалай кетіруге болады?

Көптеген қыз беттегі, денедегі тыртықты кетірудің әдістерін сұрайды. Себебі тыртық ер адамға ғана жарасымды. Ал әйел заты қолынан келетін әдістің бәрін жасап, мейлінше жоқ етуге тырысары анық. Сол себепті назарларыңызға тыртықты кетірудің бірнеше жолын ұсынамыз.

Қазірде косметикалық салондарда тыртықты жазатын арнайы процедуралар бар. Косметологтардың лазер, пилинг, дермабразия, криотерапия (қою азотпен емдеу) секілді әдістері бар.

Алайда салонға ақша құртпай-ақ, үй жағдайында тыртықты кетірудің жолдары бар. Олардың бірі балдырмен (бодяга) емдеу. Ол теріге сіңіп, қан айналымын тездетеді. Нәтижесінде терінің регенерациясы басталып, зат алмасу үдерістері жылдамырақ жүреді. Бұл әдісті аптасына 2-3 рет қайталап тұрған жөн. Ал нәтижесін тек жарты жылдан кейін байқайсыз. Егер тыртық бар жерде түк, шаш өсетін болса, тек тыртық бар жерге жағуға тырысыңыз. Себебі балдыр шаштың өсуіне әсер етеді.

Сонымен қатар тыртықты кетіру үшін қауынның дәнін пайдалануға болады. Ол үшін жақсы піскен қауыннын дәндерін теріп алып, құрғатыңыз. Құрғаған соң жақсылап тазарту керек. 15-20 дәнді ұсақтап кесіп, 2 жұмыртқаның ұнтақталған қабығы мен 5 мл зәйтүн майымен араластырыңыз. Масканы тыртыққа жағып, бинтпен орап тастаңыз. Бұл әдісті күнделікті 20 күн бойы жасап тұрыңыз. Нәтижеге жетпейінше арасына бір апта салып, тағы 20 күндік процедураны қайталаңыз.

Жұпар жаңғағы (мускат) терең, үлкен тыртықтарды кетіруге көмектеседі. Оны 1:4 қатынасында балмен араластырып, жағыңыз. Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұны 1-2 жыл бойы араға бір күн салып, жасап тұруға болады. Егер теріңіз қызарып, қабыршақтанатын болса, балдың орнына сүтті қолданыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жұмыртқаны күнделікті жеу зиян ба?

redaktor_qazyr

Құрғақ теріге арналған қарбыз маскасы

Redaktor Site

Уайымнан арылу жолы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz