Фото:wonderlust.com
Жаңа жыл мерекесінде сүйіктімізге ұсынысты қалай жасаймыз?
Сүйіктіңізбен бақытты отбасылық өмір бастағыңыз келе ме? Ғашығыңызға ыстық махаббатыңыз бен тәтті сезіміңізді білдіру үшін ерекше етіп ұсыныс жасауды жоспарға алсаңыз, онда Жаңа жыл мерекесі таптырмас мүмкіндік болмақ? Сөз салу мен Жаңа жыл мерекесінің қуанышын қалай ұштастырамыз десеңіз, сіздерге айтар мынадай әдіс-тәсілдеріміз бар.
1 — әдіс. Романтикалық күнтізбе
Америкада мынадай жақсы дәстүр бар: мерекеге дейін 25 күн бұрын әр күнді белгілі бір мерекелік дайындық жасауға белгілейді. Мысалы, 1 желтоқсан күні сыйлық алу, ал келесі күні шақырулар тарату секілді. Сіз де сол секілді романтикалық күнтізбе жасаңыз. Күнтізбе күндеріне (қалталарына) жоспарлар емес, бірге түскен қызықты күндеріңіздің суреттерін салып қойыңыз. Міне, енді шешуші сәтіңіз туды. 31 желтоқсан күнгі күнтізбеңіздің қалтасына кішкене ғана парақшаға жазылған «Менің өмірлік жарым болуға келісесің бе?» деген жазу мен неке жүзігі салынған қорапшаңызды салып қойыңыз.
2 — әдіс. Махаббат шыршасы
Сүйіктіңізге мерекені сіздің үйіңізде қарсы алуды ұсыныңыз. Ол келер алдында жаңажылдық шыршаңызды (немесе үйіңізді алдына әдемі шырақтармен жазуыңызға болады) «Менің өмірлік жарым болуға келісесің бе?» деп жылтырақтармен безендіріңіз. Тағы бір әдіс: шыршаңызды түрлі ойыншықтармен қатар, сіздің сүйіктіңізге деген ақ адал махаббатыңыз жазылған кішкене парақшалар мен хаттарды, екеуіңіз туралы белгі беретін бұйымдарды іліп, безендіріңіз де, біреуінің арасына «Менің өмірлік жарым болуға келісесің бе?» деп жазып қойыңыз.
3 — әдіс. Ақ бозатты ханзада
Сүйіктіңізді аппақ қарға оранған қалаға немесе орманға ерттеулі үш ақ боз атпен қыдыруға шақырыңыз. Жүрген жолдарыңыз өткен кездеріңізді еске түсіретін орындарға алып барғаны жақсы. Алғаш кездескен, бірге қуанған жерлерге апарыңыз. Әдетте, әр ғашықтың жеке құпия орны болады ғой. Сондай арнайы орындарыңыз болса, сол жерге барып, ақ боз атыңыздан түсіп, сүйіктіңіздің көзін байлап қойыңыз. Жерге «Менің өмірлік жарым болуға келісесің бе?» деп жазыңыз. Қаланың жарқыраған шамдары мен сіз алдын-ала дайындаған отшашу сіздің ұсынысыңызға өң берері анық.
4 — әдіс. Сезім сағаты
Сіздер Жаңа жылды ортақ достарыңызбен қарсы алмақшысыздар ма? Жақсы шешім. Ұсыныс жасауға достарыңыздың көмегі керегіне мәжбүр болмайсыз. Бәрі өз қолыңызда. Достарыңыз Жаңа жылдың секундтарын санап бастаған кезде, сіз «Мен сені не үшін сүйетінімді айтқым келіп тұр» деп, сағат тілінің соғысымен бірге (алдын-ала дайындаған) себептеріңізді айтыңыз. Сағат тілі дәл 12-ні соққанда, жаймен құлағына «Менің өмірлік жарым болуға келісесің бе?» деп сыбырлаңыз.