Qazyr.kz порталы
Қоғам

Ұнататын іспен айналысу һәм айналысатын істі ұнату

QAZYR.KZ: Ұнататын іспен айналысу һәм айналысатын істі ұнату.

7–8-сыныпта «Геометрия», «Алгебра», «Физика», «Химия» сынды жаңа пәндерді оқи бастадық. Көпшілік ұната бермейтін, түсінуге қиын пәндер ғой. Гуманитарлық пәндерге бейімділігім басымырақ болатын. Содан болар, жаратылыстану пәндеріне қызығушылығым қатты болды дей алмаймын. Жетістіктерім де анау айтқандай болмады.Бір күні бір кісі «Сен барлық пәннен үздіксің, бірақ геометрия,
алгебра сияқты пәндерде, мойындау керек, «5»-ке тартпайсың» деп намысыма тиді. Мендегі перфекционизм оянып, бұл «олқылықтың»орнын толтырып, олай емес екенін дәлелдегім келді. Сөйтіп, бүкіл аксиома-теоремаларды дәлелдерімен жаттай бастадым. «Сканави»-дің(есептер жинағы) есептерін шығаруға кірістім. Бір мұғаліміміз
«Сканави»-дің «В» (ең қиын) деңгейіндегі есептерді шығара алсаң,математиканы ФизМаттың деңгейінде меңгердім дей берсең болады»деп айтқан еді. Не де болса, шығаруым керек деп мақсат қойдым.

Біраз тер төгудің нәтижесінде планиметрия,стереометрия,тригонометрияға деген маxаббатым оянып, жалпы теxникалық ғылымдарды сүйе бастадым. Жетістіктер де көп күттірмеді.«Сканави»-дің «В» деңгейіндегі есептерді шығаруға жарап қалдық.Түсінгенім, бір іспен айналысып, соны мықты меңгерсең, ол істі жақсы көре бастайды екенсің. Бұған универ кезінде, жұмысқа тұрғанда талай көзім жетті. Басында ұнатпаған ісіңді барынша жақсы жасауға, шебер болуға тырыссаң, еңбегіңнің нәтижесін көргенде, сол іс қызық бола бастайды. Бірақ,мойындау керек, сол қолмен қанша әдемі жазып үйренсең де, оң қолмен жазғандай болмайды екен. Сол үшін ұнататын ісіңіз болса, соны дамытуға,мықты меңгеруге тырысыңыз дер едім. Қалай болған күнде де,ұнату-ұнатпау – көңіл-күй мәселесі. Жұмысыңыз бірде ұнауы, бірде ұнамауы мүмкін. Бастысы – еңбек, қолға алған істі барынша көркем түрде орындауға тырысу.
Не үшін сүйікті ісімізді іздеп кеттік?
Көп адам өзінің әлеуеті (потенциалы) зор екеніне сенеді. Бірақ«соны толық аша алмай жатырмын, іштегі отты жаға алмай
жатырмын» деп ойлайды. Яғни, барын салмай жүр. Сол үшін бірдеңе жетпей тұрғандай күй кешеді.«Сүйікті ісімді таба алмай жүрмін, проблемам сол» дейтін
адамдардың түпкі проблемасы ол емес. Түпкі проблема: олардың әлеуетімді, мүмкіндіктерімді толық қолдана алмай жатырмын» деп жүргені. Сол үшін өз-өзіне көңілі толмай жатады.

Бұл ойдан арылғың келсе, өзіңді күштеп, шамадан тыс әрекет етуің керек. Лимонды соңғы тамшысы қалғанша сығады ғой, сол сияқты.Сол кезде өзіңе көңілің тола бастайды.Мысалы, сен электрик боп жұмысқа тұрдың дейік. Бір уақытта«сүйікті ісім бұл емес, басқасын көрсем бе екен» деген ойлар келе бастайды. Көп жағдайда бұл ойдың артында сенің жұмыс істеуге,
еңбекке деген құлқыңның жоқтығы жатуы мүмкін. Басқа іске кіріссең де, сондай күйде жүруің ғажап емес. Егер сен не істесең де,барыңды салып, тырыссаң, сол жұмыстан да ләззат алар едің. Бізге
ләззат сыйлайтын нәрсе: барымызды салып, іштегі күштің бәрін сығып, әлеуетімізді толық қолдануымыз.
Бір нәрсені қаза берсең, түбі соның экспертіне айналасың.Бірде Исландия мектептерінің бірінде мұғалім оқушыларға маймылдар жайлы эссе жазып келуге тапсырма берді. Кішкентай
Ханна қиналып, анасынан көмек сұрады. Анасының да маймылдар жайлы білгені шамалы ғой. Бірден Google-ға кіріп, маймылдар жайлы ақпарат іздеп, бір эссенің басын шығарғандай болды.
Ертесіне үй жұмысын тексерген мұғалім Ханнаны мақтап, мән-жайды сұрады. Ханна өзі жазуға қиналғанын, анасы көмектескенін айтты. Сөйтіп мұғалім «Ендеше, анаңды мектепке шақыр. Жақында ата-аналар жиналысы болады. Сол жерде анаң маймылдар жайлы қысқаша айтып берсінші. Көп адамға пайдалы әрі қызық болады деп
ойлаймын» деді.«Мынау қызық болды ғой» деп Ханнаның анасы басында
қобалжыды. Дегенмен мұғалімнің өтінішін орындайын деп маймылдар тақырыбын тереңірек зерттей бастады.

Себебі бұл жолы ата-аналардың алдында сөз сөйлейін деп жатыр. Google, Youtube,
BBC, NatGeoWild – бәрін ақтарып, презентация жасап қойды.Сөйтіп ата-аналар жиналысы басталды. Ханнаның анасы маймылдар жайлы бар білгенін ортаға жайып салды. Жиналғандар таң-тамаша болды. Бұған дейін естімеген тың мәліметтерді естіді. Жиналысқа қатысқан кісілердің бірі жануарларды қорғау ұйымында істейді екен.

Ханнаның анасын ел астанасы Рейкъявик қаласында өтетін жануарларды қорғауға арналған үлкен форумда сөз сөйлеуге
шақырды. Ханнаның анасы сенімсіздеу үнмен «жарайды» деп қалды.Содан не керек, кітапханаға барып, маймылдар жайлы 4-5 кітап алып, баяндама қамына кірісті. Күні-түні кітаптарды парақтап, конспект жасап, маймылдар тақырыбына тереңірек кірді.

Сөйтіп баяндамасы да дайын болды.
Форум басталды. Ханнаның анасы шықты. Сөйледі. Бұл жолы да жұрт ұйып тыңдады. Баяндама біткенде, бәрі қол шапалақтап, оның маймылдар жайлы біліміне тамсанды. Сөйтіп форум алқасы оны Африкаға жіберуге шешім қабылдайды. Естеріңізге сала кетейін.
Ханнаның анасы өмірінде маймылдарды тірідей көрмеген.

Түйін: бір нәрсені оқып, зерттей берсең, түбі соның экспертіне айналасың. Брайан Трейси бір кітабында айтып еді: «Күнделікті 30-60 минут өз салаң бойынша кітап оқып отырсаң, соны қалай тиімді қолданам деп ой жүгіртсең, бір жылдан кейін сол салада эксперт боласың» деп. Ханнаның анасынан қай жеріміз кем?)

Автор: Данияр Жігітбек «Лайфхактар» 2021ж  кітабынан үзінді

Ұқсас жаңалықтар

«Көпқабатты үйден секіріп кеткен» Алматыда ҰҚК-нің курсанты қайтыс болды

redaktor_qazyr

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Redaktor Site

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz