Qazyr.kz порталы
Саясат

Депутат,Әнипа Назарбаевадан зардап шеккен халықтың мұңын жеткізді

«Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы,премьер министрінің орынбасары қаржы министрі Жамаубаевқа және бас прокурор Асыловқа,бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаевадан зардап шеккен халықтың мұңын жеткізді»,-деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

«Бүгінгі депутаттық сауалыма әділетсіздіктің шырмауына шырмалып, шырғалаңнан шыға алмай қалған азаматтардың көз жасы себеп. Олар Алматының әйгілі барахолка базарында сауда жасайтын қандастар.

Қақаған қыс пен ми қайнатар жазда, таң атысы кеш батысы контейнерде отырып сауда жасауға мәжбүр жандарды өзін қожайын сезінген екінің бірі келіп тонап жатыр. Бізге жолдаған мына хатында Кенжехан базарының саудагерлері бар мәселесін тізіп жазған. Бүгінге дейін құзырлы орындарға қанша арызданса да күштінің дүмі диірмен тартады демекші, қаналған қаржысын қайтара алмай келеді көпшілік.

Барахолкадағы саудагерлерден депутаттардың атына келген мына арызға сүйенсек, соңғы 10 жылға жуық уақытта «Кенжехан» базарының иесі Назарбаева Әнипа Әбішқызы болған деп көрсетілген. Оның жанындағы адамдар базардағы әр сауда орнын 10 мың АҚШ долларына сатқан. Алайда сату-сатып алу жөніндегі келісімшартты жасамай тек контейнердің паспортын берген.

«Келісімшарт талап еткен жандарды «біз базарға мәңгі иелік етеміз,уайымдамаңдар» деп қайтарған. Саудагерлердің дерегінше, аталған базарда 1000-ға жуық контейнер бар, әрі қарай есебін шығара беріңіздер.

Қолда бар арыздағы ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылдың 4 сәуірінде «Кенжехан» базарының 100 пайыз үлесі «Митра «консалтинг» ЖШС мен Розенберг Е.М. деген азаматқа өткен. Бұл базар 640 миллион теңгеге сатылды делінеді. Жаңадан келген базар қожайындары саудагерлерге «контейнерлеріңді 325 мың теңгеден сатып алыңдар» деп талап қойған.

Сонда ел 1 орынға 2 рет ақша төлеген. Амалсыз ақшасын берген жандарға тағы да сату-сатып алу туралы құжат берілмеген, тек «келесім» қағазы тапсырылған. Айтпақшы, келісімді сол базардағы нотаруисте жасауға міндеттеген, ол үшін әр саудагер тағы 43 мың теңгеден төлеген. Ол ол ма, әр контейнердің иесінен айына 50 500 теңге ақы алынады деген және бір тәртіп шығыпты. Мұны шағымданған ел айтып отыр. «Төлемесе контейнерлерді мөрлеп, жауып тастайды» деп ашынады жұрт. Бұл сорақылық емес пе? Әділетті Қазақстан құрамыз десек әділдік әр салада болу керек.

Саудагерлердің 3 талабы бар: 1. Бір контейнерге 2 рет ақша төлеген жұрт бұрынғы немесе бүгінгі базар иесінде ақшаны қайтарып берсін дейді. Бір сауда орнына екі рет ақша төлеу ақылға сыймайды ғой енді.

Саудагерлердің 3 талабы бар:

1. Бір контейнерге 2 рет ақша төлеген жұрт бұрынғы немесе бүгінгі базар иесінде ақшаны қайтарып берсін дейді. Бір сауда орнына екі рет ақша төлеу ақылға сыймайды ғой енді.

2. Ай сайын қосымша қаржы жинау мен жұмыс орындарын мөрлеп жауып тастауға қатысты әрекеттердің заңдылығын тексеріп, шара қолданылсын дейді.

3. «Кенжехан» базарын Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаменті тексерген, соның нәтижелерін Қаржы министрлігі ұсынсын.

Жыл басында Қазақстанда 722 базар тіркеліпті. Соның бәрінде заңдылық толық сақталып отыр деп айта алмаймыз. Себебі ол жақтағы саудагерлерден де арыздар келеді. Осы депутаттық сауалды дайындау барысында Барахолкадағы «Рахат және «Евразия» базарындағы саудагерлер де шағымдарын жеткізді. Сондықтан елдегі барлық базардағы заңдылықты тексеру керек деп есептеймін. Біз қарапайым халықты қанауға жол бермеуіміз шарт. Осы депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап күтеміз.»,-деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

18-19 қазан Астанада «CONNECTED-2024: Келешек бейнесін пайымдау» халықаралық конференциясы өтеді

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Өзбекстан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ  

redaktor_qazyr

Тоқаев су басқан өңірлердің әкімдерімен телефонмен сөйлесті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz