Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Қазір

Кәсіпкер: «Мақсұт Исахов 187 миллион пара сұрады»

«Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов,мемлекеттік конкурста жеңіске жеткен кәсіпкерден 187 миллион теңге сұраған»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ.

Шымкент қаласында 4000-ға жуық абонетке жылу құбырын ауыстыратын кәсіпкерден Исахов 187 миллион теңге пара сұраған.Алдымен ашық конкурстан себепсіз шеттетіліп, кейіннен соттың күшімен жеңіске жеткен кәсіпкер әділдік іздеуде.

Кәсіпкер: 2020 жылы 2 конкурсқа қатыстым.Бірінің құны 600 миллион,екіншісі 700 миллион.Бізді конкурстан заңсыз шеттетіп жібергенін анықтадық.Әділдік іздеп сотқа шағымдандық.Сот істі қайта қарап,хаттамаға тіркеп шешім шығарды.Екі конкурс бойынша жеңіп шықтық.Себебі конкурс бойынша ең төменгі баға біздікі болған.

Кейіннен Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов менің телефоныма қоңырау шалып,шақырып «екі конкурстан да бас тарт»,-деді.Мен түсінбедім.Қалай осынша еңбегім зая кете ме?! Мен бас тарта алмайтынымды айттым.Ол маған конкурсқа қатысқың келсе, «187 миллион теңге қолма-қол алып кел»немесе басқа конкурстан орнын беретінін айтты.Оған келіспесем «соңына дейін сізбен күресеміз,басқа амал жоқ»,- деп кәсіпкермен саудаласпақ болған.

Заңгер Айгүл Орынбек кәсіпкердің жан айқайын тыңдау барысында: «Пара берген кәсіпкер, сапалы үй салады деп ойламаймын.Әрине 20%,15% пайызын әкімдер мен оның орынбасарларына берсе,одан қала бере тексеріп келген құзырлы мекемелерге берсе,ол үйде қандай сапа болады?Зардап шегетін қарапайым халық.Халықтың жылы үйде отырмауының себебі,біздегі жергілікті атқарушы биліктегі басшылардың кімге тендерді бергісі келеді,береді.Кімге бергісі келмейді,бермеуінде.

Бізде пара ұсынбаса,мәдениетті түрде ақау тауып,сот арқылы немесе басқа тәсілдермен сол адамды құлатады.Конкусты жеңіп алған адамның артына түседі.Осылай зардап шегіп жүрген кәсіпкерлер көп.»,-деді ол.

 

Ұқсас жаңалықтар

Dala Inside редакциясына қысым күшейді

redaktor_qazyr

Шымкентте 20 жасар қызды көлік қағып,артынша қайтыс болды

redaktor_qazyr

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына күдікті екі тұрғынды ұстады

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты