Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Үйде қалай балмұздақ жасауға болады?

Тәтті құмарлардың ішінде жарыс болса, мен бірінші және гран приді де ұтып алар ем!Рас айтамын.

Көптен бері тәтті жемеген соң болар, балмұздақ жегім келіп, тура жерік болып қалған секілдімін. Сөйтіп, әрі ойланып, бері ойланып, дүкеннің балмұздағынан гөрі, табиғи таза өнімдерден жасалған үй балмұздағын жасап көрейін дедім.

Өкінішке орай суретін түсіріп үлгермедім, жеп қойдық бәріміз. Дәмі керемет болды. Дүкендікінен артық. Әкем бала кездегі балмұздаққа ұқсайды деді. )

Сонымен, керек заттар:

1. Қаймақ – 500 грамм (қолдың қаймағы болса тіпті жақсы, мен дүкеннен 36 пайыздық қаймақ алдым, 40 грамм)

2. Кілегей-  сливки. Ол да қолдікі болса жақсы ғой, менікі дүкендікі Президент фирмасының 35 пайыздық кілегейі.

3. Қант пудрасы  -100 грамм

4. Ванилин немесе ваниль таяқшасы. (ванилин арзан ғой 1 грамм жетеді)

50 грамм қант пудрасын қаймақпен араластырып, миксерлеп аламыз. (мен венчикпен араластырдым, миксер сынып қалған екен) сосын кілегейді жақсылап былғаймыз (миксерлейміз), ол үлкейіп, пена тәріздес масса болады, соған қалған 50 грамм қант пудрасын қосамыз да, қаймақты + ванилин қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. Мұздап, қатып қалғанша дейін, менде 3 сағат тұрды. Болды. бір жағынан өте дәмді, екінші жағынан пайдалы, үшіншіден каллориясын өзіңіз қадағалауыңызға болады. Майлылығы төмен болса, каллориясы да аз болады. Бұған жеміс жидек, шоколад, жаңғақ қосуға болады. Бәрі өз еркіңізде!

 

«Қыздарғе кеңес» парақшасынан

Ұқсас жаңалықтар

ЕТЕККІР ДЕГЕН НЕ?

redaktor_qazyr

Денсаулығыңызға арналған 5 кеңес

Redaktor Site

Жол кептелісі кезінде не істеуге болады?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz