Qazyr.kz порталы
Руханият

Қадыр Мырза Әли: Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді

QAZYR.KZ: Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?

Қадыр Мырза Әли — Өмір пернесі

Qazyr.kz | Қазір.кз 

Ұқсас жаңалықтар

Қанатты сөздер

redaktor_qazyr

Алаш автономиясы

Redaktor Site

Монтайтастық чемпионның бейнесін, туған өлкесіндегі орталық көшелердің бірінде орналасқан тақтаға ілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz