Qazyr.kz порталы
Руханият

Мағжан Жұмабай: Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

Мағжан Жұмабаев — Қарағым

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме.
Оқымай, ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да қасына ерме!

Кiдiрме, аяңдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
«Қарманған қарап қалмас!» — деген рас сөз,
Тоқтамай iстер болсаң батып терге.

Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңiлi жүйрiк кемеңгерге.
Бiлiмсiз, құр қалтақтап жүргенменен
Ерте өлген, көмiлулi қара жерге.

Qazyr.kz | Қазір.кз | Қазіргі жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы. Сұрақтар жауабымен

Redaktor Site

Мұқағали Мақатаев — Бауыржан Момышұлына

Redaktor Site

Моно Лиза туралы дерек

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz