Qazyr.kz порталы
Қоғам

Біз едік қой!

Фото: El.kz

QAZYR.KZ: Біз едік қой,
Компьютерді, телефонды білмейтін,
Шыбықтардан қамшы жасап, талға мініп «чу!» — дейтін.
Асық ойнап, ляңгы теуіп үйге мүлдем кірмейтін,
Біз едік қой!
Жарты сағат дала кезіп, кірлейтін..
Жинап өткен, кең бөлмені жақсылап бір шашатын,
Көк жәшікте — сүйіскенде,
Көзді жұмып қашатын.
Алысатын, шалысатын, жүгіртіп те жарысатын,
Біз едік қой!
Кәмпит берсе, ыстық құшақ а-ша-тын.

Жүретінбіз көмектесіп,
Ойынға да үлгеріп,
Айфонды да, айпатты да, самсунгты да білмедік.
Ол кездері шынайы дос, шын көңілмен сөйлесер,
Әлеуметтік желілерді көрмедік те, кірмедік.

Әй, өмір-ай..
Ешкім жетпес, сол шақтағы достарға,
(Қайтып мені, қайтып мені балалыққа тастар ма?)
.. Аңыз қылып айтамыз біз, анда-санда кішіге,
Сен, зомбиым,
Не айтасың??????
Келетұғын жастарға…

Автор: Бек Жылқыбаев

Ұқсас жаңалықтар

Сөйлегенде тұтығып қаламын, мұнан қалай құтыламын?

redaktor_qazyr

Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартуды 12 жастан бастап енгізу ұсынылды

redaktor_qazyr

Арыс,Бәйдібек,Ордабасы аудандарының аумағанда мал ұрлығымен айналысатын әккі ұрылар тобы ұсталып қалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz